$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Алматыда жүкті әйелді қағып кеткен салықшы 7 жылға куәліктен айырылды

AstanaTV
21.08.2014ж. 20:00
886
Алматыда жүкті әйелді қағып кеткен салықшы 7 жылға куәліктен айырылды

Көлікті мас күйде басқарған Алматы облыстық салық басқармасының бұрынғы қызметкері Бақыт Құрмашев 30 тәулікке қамалды. Оған қоса жүргізушілік куәлігінен 7 жылға айырылды. Жол көлік оқиғасы 20 маусымда кешкі 10 шамасында Алматыда болды.

Қалалық
соттың дерегінше, салық басшысы ішімдік ішкен күйі көлікке отырыпжүкті әйел мен оның үш жасар ұлын қаққан. Сондай-ақ Бақыт Құрмашев оқиға орнынан ізін жасырмақ болып, қашып кеткен. Бірақ куәгерлердің көмегімен ұсталған болатынЖәбірленуші баласымен түрлі дәрежедегі жарақат алып, ауруханаға түсті. Осы жағдайдан соң Бақыт Құрмашев қызметінен қуылды

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

20 тамызда 2014 жылы  Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Бақыт Құрмашевты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 467-бабы 3-бөлігімен, 468-дің 1-бабымен, 469 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылды.

Базаргүл ІЗІМОВА