Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

АҚШ-та қазақстандық студент кінәсін мойындауға келіскен көрінеді

AstanaTV
21.08.2014ж. 20:00
874
АҚШ-та қазақстандық студент кінәсін мойындауға келіскен көрінеді

АҚШ-та сот төрелігіне кедергі келтірді деп айыпталған Диас Қадырбаев өз кінәсін мойындағалы отыр. Бұл туралы Boston Globe газеті хабарлады. Ақпарат бойынша, қазақстандық студент айыптаулардың бірнеше тармағы бойынша кінәсін мойындауға келіскен көрінеді. Қадырбаевтың қорғаушысы Роберт Стал да бұл мәлімдемені растады. Алайда мән-жайды нақтыламай отыр.

Адвокаттың айтуынша, Диас өз мәлімдемесін Бостонның округтік сотында бүгін жариялайды. Басылым атап көрсеткендей, Қабырбаев тергеумен бұндай қадамға қорғаушыларға сотталушылардың жазасын жеңілдетуге қол жеткізуіне мүмкіндік берілуіне орай  барған көрінеді.

Еске салайық,  АҚШ-тың Бостон қаласында оқып жатқан қазақстандық екі студент Азамат Тәжіаяқов пен Диас Қадырбаев былтыр сәуірде болған жарылыс себептерін тергеуге кедергі келтірді деп айтыпталған болатын.

Диас Қадырбаевқа қатысты сот ісі өткен жылы 8 қыркүйекте басталды. Егер қазақстандық студенттердің кінәсі дәлелденсе, 25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Жұрағат БАМАН