$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Реджеп Тайып Эрдоған конституцияға өзгеріс енгізіп, президенттің билігін күшейтпек

AstanaTV
22.08.2014ж. 20:00
1157
Реджеп Тайып Эрдоған конституцияға өзгеріс енгізіп, президенттің билігін күшейтпек

Түркиянің болашақ премьері Ахмет Дәуітоғлының құзыреті президенттікінен кем болады. Өйткені Реджеп Тайып Эрдоған конституцияға өзгеріс енгізіп, президенттің билігін күшейтпек.

Түркиянің биліктегі партиясы премьер-министрдің орынтағына сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлыны ұсынғаны мәлім. Ол "Әділет және даму партиясының" да тізгінін қолына алмақ. Дәуітоғлының кандидатурасы тамыздың 27-де өтетін партия съезінде мақұлдануы тиіс. Содан кейін ол ресми түрде премьер-министр атанады.

Ал бұрынғы премьер Тайып Эрдоған 10 тамызда өткен президент сайлауының бірінші айналымында 52 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның басты қарсыласы Экмеледдин Ихсаноғлу болса, 39 пайыз дауысқа ие болды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ