$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Астана» футболшылары «Вильярреал» командасына ірі есеппен ұтылды

AstanaTV
22.08.2014ж. 20:00
1089
«Астана» футболшылары «Вильярреал» командасына ірі есеппен ұтылды

Футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңі қазақстандық командалар үшін сәтсіз болды. Ақтөбе өз алаңында Польшаның «Легия» клубына 1-0 есебімен есе жіберсе, «Астана» футболшылары «Вильярреал» командасына ірі есеппен ұтылды.

Кездесу басында футбол мамандары жеңісті «Вильярреал» клубына берген. Іс жүзінде дәл солай болып шықты. Кездесу басынан алаң иелерінің қақпасына тап берген Марселино Торальдің шәкірттері бірінші таймның ортасына қарай есеп ашты. Голдың авторы - Кани.

Бұл голдан кейін шабыттанған испаниялық клуб үзілістен кейін есепті еселеді. Бұл жолы мергендігімен танылған Джовани дос Сантос мүлт кетпеді. Екі голмен шектеліп қалмаған «Вильярреал» футболшылары кездесудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Ненад Эрич қорғаған қақпаға үшінші голды соқты. Бұл сәтте Марио Гаспар өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жібермей, есепті қорытындылады.

Станимир Стойлов, «Астана» клубының бас бапкері:

Команда ойыншылары қолдан келгенше, жеңіс үшін барын салды. Бірақ қорғаныстағы болмашы қателіктер кездесу тағдырын шешіп тастады. Алаңда 10 футболшымен қалғанымызға қарамастан, шабуылдауға тырыстық.  Енді қарымта ойында есе қайтару үшін барымызды саламыз.

Екі команда арасындағы қарымта ойын 28 тамызда Испанияда өтеді. 

Самат ҚАНАҒАТОВ