Бензиннің
қымбаттауына Ресей нарығындағы жағдай себеп. Көрші елдегі 92 маркалы бензин
құнының көтерілуі, Қазақстандағы бағаның
шарықтауына тікелей әсер етіп отыр. Бұл
туралы энергетика министрлігінде хабарлады. Бұдан бөлек еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуы әлі
аяқталмағанын ескеру керек дейді министрлік өкілдері. Десе де қыркүйек айында
баға өзгеріссіз қалады деп сендірді.
Қуандық
Қалмурзин,
ҚР Энергетика министрлігі мұнай өндірісін дамыту департаменті директоры:
Бұған
бірнеше себеп бар. Көктемде Ресейдегі ірі зауытта техникалық апат болғаны
белгілі. Және көрші елдің ішкі нарығында жанар-жағармайды тұтыну көлемі артып
кетті. Мұның барлығы Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп жатқан бензин
көлемін азайтуға әкеліп соқты. Ресейдің жанармай құю бекеттерінде баға өсіп,
зауыттарындағы көтерме босату құны да артты. Біз көктемнен бастап 115 теңгені
ұстап тұрдық. Бірақ ол тиімсіз болды.
Ал
аймақтардағы жанармай тапшылығы жуық арада шешімін таппақ. Еліміздегі мұнай
базаларында қазір 200 мың тонна өнім сақталып тұрған көрінеді. Қарапайым тілмен
айтқанда осы салада нәпақасын тауып жүргендер бағаның көтерілуін күтіп бензинді
тығып қойған.
Қуандық
Қалмурзин,
ҚР Энергетика министрлігі мұнай өндірісін дамыту департаменті директоры:
Жасыратыны жоқ, көптеген
трейдерлер бағаның көтерілуін күтті. Сарпашыларды тыңдай келе, тамызда
қымбаттайды деп ойлады, енді тамыздың басынан бері баға өзгермегесін, олар
қыркүйекке дейін күтті. Бұл бизнес. Әркім өз пайдасын ойлайды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ