Еліміздің
Ата заңына қажет болған жағдайда, өзгерістер енгізілуі мүмкін. Заңнамаларды
жетілдіре отырып, азаматтық қоғамды да дамыта түсуге болады. Орталық
коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Конституциялық кеңес
төрағасы Игорь Рогов осылай деді. Дегенмен конституциялық кеңес осы уақытқа
дейін 25 заң мен халықаралық келісімдердің Қазақстан Конституциясына
сәйкессіздігін таныған.
Игорь
Рогов,
ҚР Конституциялық кеңесі төрағасы:
Мамандар
Ата заңымызда айтарлықтай кемшіліктер бар дегенді айтқан емес. Жетілмеген,
толымсыз тұстары бар ма? Мен айтар едім, ешбір құжат, құбылыс, тіпті адамның өзі
жан-жақты жетілген болмайды. Жетіле түсу мақсатында жылжитын бағыт үнемі
болады. Өмір сан қырлы, сондықтан Ата заңға өзгерістер енгізуді қажет ететін
тұстар кездеседі. Мен негізгі Коституциясына өзгеріс енгізілмеген бір де бір
елді білмеймін.
Айгүл ӘДЕПБАЙ