Қазақстанның
шекаралық басқармалары мен әуе эскадрилияларына тосын тексеріс жүргізілді. Дәлірек айтсақ, отандық шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Нұрлан
Жоламанов арнайы іссапары барысында "Шығыс" және
"Солтүстік" өңірлік шекаралық басқармаларында болып, дайындық
деңгейімен танысты.
"Сондай-ақ, ол "Үшарал" әуе эскадрилиясының
әскери-жауынгерлік әзірлігіне де кездейсоқ тексеріс жүргізді", - деп хабарлады шекара қызметінің баспасөз қызметі. Жедел шара барысында шекарашылардың
қару-жарақ, оқ-дәрімен қамтамасыз етілгеніне, әскери әзірліктеріне баса назар
аударылды. Ал авиациялық эскадрилия тосын жағдайларға сақадай сай дайын
екендіктерін көрсетті. "Дабыл" бұйрығы бойынша парашютті-десантты
застава, ұшу және инженерлік-техникалық, сондай-ақ әуежайлық-техникалық
қамтамысыз ету құрамдары өз өнерлерін паш етті. Қысқа мерзімде "МИ-8"
ұшағы көкке көтеріліп, тиісті ұтқыр қимылдар жасап, кейін әуежайға сәтті қонды.
Тосын тексеріс қортындысында генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов шекара қызметі
мен әуе эскадрилиясындағы әскерилердің жұмысына оң баға берді.
Жұрағат БАМАН