Тамыздың
13-інде үйіне оралмаған Айдана Досқалиевадан әлі күнге хабар жоқ. Жақындарының айтуынша, Айдана Оралдан 30 шақырым қашықтықта жатқан Щапов ауылынан күнделікті қатынап жұмыс
істеп жүрген. 25 жастағы Айдананы соңғы рет ауыл маңынан кішкентай інісі
көріпті. Ол әпкесін сол күні ақ түсті "Жигули" көлігінен көріп
қалған. Қасында тағы екі жолаушы жігіт болған. Өзін көрген інісіне Айдана қолын
бұлғаған.
Содан бері туғандары Айданадан еш хабар ала алмай отыр. Тәртіп
сақшылары іздеу салғанымен, әзірге нәтиже жоқ. Аялдамаларға жоғалған қыз
туралы ақпараттар да ілінген. Енді полиция ақ түсті "Жигули"
көліктерін тоқтатып, иелерін әр қырынан суретке түсіруде.
Уайымдаған ата-ана
Айдананы көрген жандардың тездетіп хабарласуын ақпарат құралдары арқылы
сұрайды.
Еркін ҚАРИН