Оқулықтарды кешіктіргені үшін
сөгіс алды. Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы осылайша жазаланды. Ал
жабдықтаушының ісі сотқа жөнелтілмек. Бұл ақпаратты арнамыздың тілшісіне сұхбат
берген қалалық білім бөлімінің басшысы растады.
Қызылордада 54 мектеп
бар. Олар биыл оқулықтармен дер кезінде қамтылмады. Балғындардың қолына кітап
бір аптадай кешігіп барып тиді. Аймақтың бас мұғалімі оған жабдықтаушы тарап кінәлі дегенді айтады.
Астаналық «АгентТрансҚазақстан» серіктестігі 157 мың дана оқулықты тамыздың
26-на дейін жеткізу міндетін тендер арқылы жеңіп алған. Десе де белгіленген
күні тек 40 мың кітап жеткізген. Қалған оқулықтарды білім бөлімінің мамандары
өздері арнайы барып әкелуге мәжбүр болды.
Марат Аралбаев, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы:
Кітап келіп болды. Еңді
қаражатын баспаханаға төлейміз. Мердігерге еш қаражат төлемейміз. Әрбір күнін
өткізген үшін айыппұл 0,1 пайыздан және сотқа беріледі жазықсыз деп тану үшін, кемшілік жібергеніміз үшін тәртіптік шарамызды алдық қалалық әкімшілік
тарапынан.
Шарипа САҚТАПОВА