Минск
кездесуінен бұрын Петр Порошенко Жоғарғы Раданың таратылатынын мәлімдеді. Басты
себеп - Украина парламентінде басқарушы коалицияның болмауы. Бұрынғы коалиция
бір ай бұрын таратылған-ды. Сөйтіп, ендігі президент Янукович кезінде құрылған
заң шығарушы органды қайта жасақтамақ ниетте. Жаңа сайлау қоғам пікірін
өзгертуге, халық сенімін қайтаруға ықпал етуі мүмкін. Жаңа билік әскери
операцияларға көп қаржы жұмсауда. Есесіне коммуналдық тарифтер мен салық бірден
өсіп кетті.
Қыста газ тасу туралы келісімнің де болшағы бұлыңғыр. Халықаралық
валюта қорымен арадағы келіссөз де тығырыққа тірелді. Салдарынан ұлттық валюта
гривнаның құны құлдырап тұр. Енді кезекті саяси науқанда қазіргі президент партиясы
"Солидарность", сондай-ақ радикалдар мен бұрынғы премьер-министр Юлия
Тимошенконың партиясы сайлауға түспек.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ