$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Жыл басынан бері 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылды

AstanaTV
26.08.2014ж. 20:00
1199
Жыл басынан бері  10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері  10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова олардың  9 мыңнан астамы тұрақты жұмыс істейтінін мәлімдеді. 

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», "Өңірлерді дамыту" бағдарламалары аясында да тағы 6 мыңнан астам мүгедек азамат жұмысқа орналастырылған. "Оларды жұмыс орнына  дейін қатынайтын "Инватакси"  қызметіне  жыл сайын 90 миллион теңге бөлінеді",- деді вице-министр. Айта өтейік, ел аумағында  мүмкіндігі шектеулі жандарды 110 инватакси тасымалдайды.

Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша  инватакси қызметін дамытуға 90 млн теңге бөлінеді. Бұл сомма өңірлерге  қызмет түрінің қажеттілігіне қарай беріледі.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА