1 қыркүйек - білім күні
жақындап қалды. Осыған орай тұрмысы нашар, көпбалалалы отбасыларына қол ұшын
созып, балаларды мектепке қажет құралдармен қамтамасыз ету акциялары да
басталып кетті.
Бүгін Әзірет Сұлтан мешітінде елордалық 650 балдырғанға
киім-кешек, мектеп керек-жарақтары таратылды. Мешіттің бас имамы Серікбай қажы
Оразының айтуынша, республика бойынша он мыңға жуық балаға осындай қамқорлық
жасалған.
Серікбай Қажы Ораз,
"Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы:
Қайырымдылық шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Солардың бірі ретінде мынау балалардың жаңадан мектепке бара жатқандары бар.
Сыныптан сыныпқа ауысып жатқандары бар. Осы қуанышқа біз де өзіміздің аз да
болса үлесімізді қосамыз деген мақсатта біздің діни ұйымдарымыз осы "Мектепке
жол" және балаларды киіндіру жайында акция жүргізіп жатырмыз.
Жұрағат БАМАН