$527.3 €544.86 ₽4.95
×

Ұлыбритания азаматы Барох Питерге кесілген үкім өзгеріссіз қалды

AstanaTV
26.08.2014ж. 20:00
905
Ұлыбритания азаматы Барох Питерге кесілген үкім өзгеріссіз қалды

Оралда "жасөспірім қыздарды азғырғаны" үшін айыпталған Ұлыбритания азаматы Барох Питерге кесілген үкім өзгеріссіз қалды. 8 жылға сотталған шетел азаматының ісі апелляциялық сотта қаралды.

Махамбет Бақтығұлов, БҚО сотының апелляциялық сот алқасының судьясы:

Апелляциялық сот өзінің отырысында қарап, сотталған Барохтың өзі, оның қорғаушысы, жәбірленуші тараптың адвокаттарының және прокурордың сөздерін тыңдап, сот үкімі заңды, әділ шығарылған деп есептеп, өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, 38 жастағы британдық Барох Питер Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ компанияларының бірінде жұмыс істеген. Ол кәмелет жасына толмаған қыздарды жалаңаштап, суретке түсіргені үшін айыпталған еді. Өзін атақты фотосуретші ретінде таныстырып, қыздарға ақшалай сыйақы да берген.

Ол жалдаған қонақ үй бөлмесінен 2 мыңнан аса фотосуреттер табылған. Зардап шеккен қыздардың 3-уі Оралдан, тағы 7-уі Атыраудан болып шықты. Полиция шетелдіктің үстінен Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша іс қозғады. Апелляциялық сотта да ол өзінің кінәсіз екенін айтумен болды.

Еркін ҚАРИН