$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Алдағы айда жанармай тапшылығы сақталуы мүмкін

AstanaTV
28.08.2014ж. 20:00
1152
Алдағы айда жанармай тапшылығы сақталуы мүмкін

Мемлекеттік органдар сұйық отын тапшылығын қолдан жасап отыр. Еліміздің жанар-жағармай қауымдастығы өкілдері бүгін осындай мәлімдеме жасады. "Ал алдағы айда жанармай тапшылығы әлі де сақталады. Мұның соңы тағы қымбатшылыққа соқтыруы мүмкін", - дейді.  Себебі сұйық отынды бөлшектеп саудалаушыларға көтерме компаниялар қыркүйекте АИ-92 маркалы бензиннің қажетті 300 мың тоннасын емес, тек 160 тоннасын, ал дизельді отынды тіпті үш есе аз көлемде үлестірген.

"Ресейден тасу қисынсыз. Баға одан да қымбаттап кетті. Бұл келесі айда ішкі нарықта жанармай тағы жетіспей Ресейге жүгінуге мәжбүр болсақ, бағаның өсетіні анық деген сөз", - дейді қауымдастық өкілдері. Бұдан бөлек олар жаңа бекітілген бағадан түсетін таза табыс 17 пайыз, оны 30-ға дейін көтеруге Ұлттық экономика минстрлігіне талап қойып отыр. Ол үшін "ҚазМұнайГаз өнімдері" тағы басқа ірі көтерме компаниялардың бөлшек саудагерлерге сату бағасын реттеу қажет. Ол заңмен бекітілмеген.

Сергей Смирнов, мұнай және газ секторы сарапшысы:

Көтерме бағамен сататын компаняларды ешкім тексермейді. Монополия орнатты деп елеп жатқан тірі жан жоқ. Жалпы нарықтағы көтерме бағаның қалай бекітілетінін анықытауға бәрі құлықсыз.

Айта кетейік, күні кеше Энергетика вице министрі Ұзақбай Қарабалин жаңа бағаны тұрақтандыру үшін, екі апта байқаймыз, бөлшек саудалаушылар наразылық танытпаса, ол осы күйінде сақталады деген еді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ