Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағанды облысында көлікпен адам қаққан полицейді қамауға сот санкция берді

AstanaTV
28.08.2014ж. 20:00
910
Қарағанды облысында көлікпен адам қаққан полицейді қамауға сот санкция берді

Қарағанды облысында қызметтік көлікпен адам қағып өлтірген тәртіп сақшысы Абай аудандық сотының шешімімен қамауға алынып, ішкі істер органдары қатарынан қуылды. 24 тамызда Абай ауданы Топар кенті маңындағы тас жолда Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс аудандық ішкі істер бөлімше басшысының орынбасары Жансерік Дәуренбеков 26 жасар келіншекті қағып, көмек көрсетпестен оқиға орнынан қашып кеткен.

Дәуренбековтің жол көлік оқиғасы болған күні ішімдік ішкені не ішпегені әзірге белгісіз. Облыстық ІІД-нің тәртіптік комиссиясының шешімімен қызметкерлерін босатып жіберген Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімшесінің басшысы және оның кадрлар бойынша орынбасары, сондай-ақ Жаңа-Майқұдық полиция бөлімше басшысының бірінші орынбасары жұмыстан қуылды.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысының орынбасары:

26 жасар қыз баланың өліміне әкеліп соқтырған жол көлік оқиғасын жасаған полиция қызметкері облыстық ішкі істер департаменті тәртіптік комиссияның шешімімен ішкі істер органанынан шығарылды. Бірқатар басшылар атқарып отырған лауазымынан босатылды. Полиция қызметкері соттың шешімімен қамауға алынды. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ