$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Анкарада Түрік республикасының жаңа сайланған президенті ант берді

AstanaTV
28.08.2014ж. 20:00
1006
Анкарада Түрік республикасының жаңа сайланған президенті ант берді

Анкарада Түрік республикасының жаңа сайланған президенті ант берді. Реджеп Тайып Эрдоған елдің он екінші президенті атанды. Инаугурацияға 15 елдің мемлекет басшысы және 12 елдің үкімет басшылары және түрлі деңгейдегі министрлер мен спикерлер қатысты. Рәсімді 90-нан астам елдің өкілі бақылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та осы сәтте Анкарада.

Ант беру салтанаты ың-шыңсыз өтті деуге болмайды. Оппозициялық партияның депутаттары инаугурацияға бойкот жариялап, залдан кетіп қалды. Бұған дейін премьер-министр қызметін атқарып келген Эрдоған президенттік сайлаудың алғашқы турынан-ақ жеңіске жетіп, сайлаушылардың 52 пайызының даусын жинаған еді. Ал оның басты қарсыласы Экмеледдин Ихсаноглу 39 пайыз дауыспен артта қалды. Айта кетерлігі, Эрдоған Конституцияға өзгеріс енгізіп, президент құзыретін күшейтпек, яғни премьер-министрдің билігі бұрынғыдай емес, едәуір кем болады. Ал тұрғындардың басым бөлігі жаңа президентке қолдау білдіреді. Әсіресе ұлттық құндылықтар мен исламдық көзқарастарға етене жақын халық арасында Реджеп Эрдоғанның беделі аса жоғары.

Айгүл ӘДЕПБАЙ