$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Ресей Украина мен Еуропалық одақ арасындағы өзара келісімшартқа өзгеріс енгізуді ұсынбақшы

AstanaTV
28.08.2014ж. 20:00
866
Ресей Украина мен Еуропалық одақ арасындағы өзара келісімшартқа өзгеріс енгізуді ұсынбақшы

Ресей Украина мен Еуропалық одақ арасындағы өзара келісімшартқа өзгеріс енгізуді ұсынбақшы. Бұл туралы "Ведомости" басылымы жазады. Ұсынылар өзгерістер еуропалық тауарларға Украина тарапынан салынатын салықтың тым жеңілдеп кетуін тежеуге бағытталған. Сондай-ақ, Ресей Украина Еуропалық одақтың техникалық регламенттеріне көшеді деп алаңдап отыр. Өйткені қатаң фитосанитарлық және техникалық стандарттар Ресей тауарының Украина аумағына өтуіне бөгет болатыны белгілі. Оны Кеден одағы талаптармен сәйкестендіру үшін, уақыт қажет.

Алайда Украина тарапы бұған дейін қол қойылып кеткен құжаттың енді өзгертілуі екіталай деп есептейді. Сарапшылар қазіргі уақытта Ресей өз тауарларын тұтынатын дәстүрлі нарықты сақтап қалуға күш салып жатқанын айтады. Жалпы Еуропамен арадағы келісімшартқа сай, Украина батыс тауарларын Кеден одағы аумағына сатуға құқылы. Әлбетте ол үшін Украина ТМД-ның еркін сауда аймағында қалуы тиіс.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ