Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мұнай бұрынғыдай болмайды. Неліктен?

AstanaTV
28.08.2014ж. 20:00
993
Мұнай бұрынғыдай болмайды. Неліктен?

Мұнай енді бұрынғыдай болмайды дейді америкалық сарапшылар. "Батыстың Ресейге қарсы қолданып жатқан санкцияларына сәйкес, Америка тарапы өзінің қор биржаларындағы көмірсутек бағасын жасанды түрде төмендетіп, мұнайға балама шикізат көзін енгізуге мүдделі", - деп "Айқын" басылымы жазыпты.

Бұл шаралардың барлығы табысының көп бөлігін мұнай саудасынан көріп отырған Ресей экономикасына ықпал етпек. Ал әлемдік нарықтағы қара алтын сұранысының тежелуі, Қазақстан сынды мұнайлы бірқатар мемлекеттердің де қалтасын жұқартатыны белгілі.

Басылым әлемдік алдыңғы қатарлы елдердің энергия көзі ретінде атомды қолдануына байланысты да мұнай мен уранның  алдағы 30-40 жылда басты табыс көзі болмауы мүмкін деген болжам жасайды. Осы жағадайда Қазақстан қалай тығырықтан шығады деген сауалды тарқата келе, еліміздің 2050 көп жылдық даму стратегиясының басым бағыттары: шет елдік инвестиция тарту, азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту тұрақты дамудың кепілі деп түйеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ