$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Қарағандының жанармай құю бекеттерінде дизельдік отын жоқ

AstanaTV
29.08.2014ж. 20:00
1256
Қарағандының жанармай құю бекеттерінде дизельдік отын жоқ

Ал Қарағандының жанармай құю бекеттерінде дизельдік отын жоқ. "ҚазМұнайГаз" және "Гелиос" компаниялырының бекеттерінде солярканы талонмен беруді де тоқтатқан. Дизельдік отын қалдықтарын кішігірім жеке жанармай бекеттерінде ғана сатуда. Тапшылықтың неліктен орын алғанын және мәселе қашан шешілетіндігі туралы жүргізушілерге ешкім түсіндірмейді.

Қарағандының автобус парктері дизельдік қорлары бар болғандықтан, әзірге қызмет етіп тұр. Әсіресе алысқа қатынайтын жүргізушілер мен транспорттық компаниялар және шағын жүк тасымалдаушыларға қиын болып отыр. Айта кетейік, Қарағандыда АИ-92 маркалы жанармай соңғы бір-екі күнде тек талонмен ғана берілуде. 


Қазбек Қайырбеков, жүргізуші:

Міне қараңыз, "ҚазМұнайГаздың" талондары. Мерзімдері өтпеген. Бірақ маған дизельдік отынды бермеді. Баға көтеріледі дегеннен кейін, монополистер жанармайды сатпай отыр. Әрдайым осылай.

Жұрағат БАМАН