Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

"Самұрық-Қазына" жекеленетін жобалар тізімін жариялады

AstanaTV
29.08.2014ж. 20:00
1137
"Самұрық-Қазына" жекеленетін жобалар тізімін жариялады

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры жыл соңына дейін өзіне тиесілі 64 активін бәсекелік ортаға беруді жоспарлап отыр. Саудаға түскен нысандар ағылшын және голланд тәсілімен аукционда сатылмақ. Бүгін қор құрамындағы жетекші Ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері өздерін пиар-менеджер ретінде сынап көрді. Инвесторларға "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы", "ҚазАтомПром" және "Самұрық-Қазына" қорының жетекшілері өздерінің еншілес компанияларын барынша жарнамалады.

Как видно из представленного слайда, доходы за 2013 год составили 7 954 826 тыс тенге. Расходная часть 7 017 401 тыс тенге.

Ұлттық компания активтерін жекеге берудегі басты мақсат - шетелдік инвестицияны тарту. Алайда жиын қортыныдысы бойынша біз пікірін білген отандық инвестициялық компанияның сарапшысы, өздеріне бір ел ішінде тұрып-ақ ақпараттың әрең жететіндігін айтады.

Алмас Сиранов, инвестициялық компанияның бас директоры:

Бүгін біз ұсынылған тізім ішінен өзімізді қызықтырған компанияларды кездестіре алмадық. Ол ірі, мойындалған әрі сенімді компаниялар. Алайда кезекті отырыста аталмыш компанияларды жекешелендірудің ретімен, тәртібімен танысып, инвесторлар оларды сатып ала алады деген сенімдемін.

Инвесторларды бірінші кезекте Қазақстан экономикасының негізін құраушы компаниялардың құнды қағаздары қызықтырады. Таныстыру жиынына қатысқан 44 инвест-компания бүгін ұсынылған нысандарға аса қызығушылық таныта қоймады. Айта кетейік, жақын арада "ҚазМұнайГаз" компаниясы өзінің еншілес 3 кәсіпорнын сатуды жоспарлап отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ