«Ұлттық
қасіреттен ұлттық мақтанышқа дейін». Дәл осындай ұранмен бүгін Шығыс Қазақстан
өңірінде ауқымды шара өтті. Бұл кеш Семей ядролық полигонының жабылғанына 23
жыл толуына орайластырылды. Қазақ елі үшін қасіретке айналған аумаққа
бүгін әлемнің 17 елінен қатысушылар жиналды. Халықаралық ұйымдардың өкілдері,
«Невада-Семей» қозғалысының белсенділері мен қоғам қайраткерлері жарылыс
жүргізілген жерді өз көздерімен көрді. Дөңгелек үстел басында адамзат баласы
үшін маңызды шешім болған ядролық тәжірибені тоқтату мәселесі талқыланды.
Бонни
Эберхардт Бобб, АҚШ ядролық қаруға қарсы
қозғалыс белсендісі:
Біз
үшін ядролық және атом жарылыстарын тоқтату мәселесін көтеру, алғашында өте
қиын болатын. Өйткені біздің қарсыластарымыз көп еді. Бірақ серіктестеріміз
де бар-тын. Тәжірибелер санын азая бастағанда, қуанатынбыз. Ал полигондардың
жабылуы - адамзат үшін үлкен жеңіс деп
ойлаймын. Осылайша, миллиондардың өмірін сақтап қалдық.
Бүгін
Семей жерінде алғаш рет жапондық суретшілер «Хиросима және Нагасакиді еске алу»
деп алататын бірегей экспозицияны ұсынды. Шараның символы болып Қазақстан мен
Невада халқының бейбітшілік түтігін шегіп тұрғандығы бейнеленген эмблема
алынды.
Мұрат
Әуезов, «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысының
қатысушысы:
Невада-Семей
қозғалысы түрлі ұлт пен сенімдердің бірігуіне жол ашқан ұйым. Сондай-ақ, бұл ең
алғашқы мемлекеттік нығаюына үлес қосқан қоғамдық, халықтық қозғалыс болып
табылады.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ