$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

AstanaTV
04.09.2014ж. 20:00
1066
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Онда Президент жергілікті дихандармен кездесіп, егіс алқаптарының ахуалын бағамдады. Биыл Қызылжар өңірінде майлы және дәнді дақылдар 4,3 млн гектар аумаққа себілген. Оның 3,3 мыңы дәнді дақылдар. Жазды күні жауын-шашын молынан жауып, теріскейлік шаруалар астық қамбаларын мейілінше толтырамыз деп, жоспарлап отыр.

Айта кетелік, облыс басшысы Ерік Сұлтанов «үстіміздегі жылы Солтүстік Қазақстан ырыс дәнінің 5 млн тоннасын жинайды» деген межені алға қоюда. Әңгіме барысында Елбасы «биыл Қазақстан Парсы шығанағындағы елдермен әріптестік орнататынын» тілге тиек етті. Қазір Иран, Ирак, Араб елдері мен Қытай сынды мемлекеттер отандық астыққа қызығушылық танытып отырғанын айтты. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жетекшілеріне шаруашылықты әртараптандыруды тапсырды.

Надо начинать продавать мясо. Продавать тонну пшеницы или тонну мяса, стоимостью в пять раз больше. Так? Конечно, не привычно, конечно, легче посеял, убрал. Но зато круглый год работа у крестьян есть. Летом здесь, зимой животноводство.

Абзал ҚҰРМАНКИН