Оңтүстік
Қазақстан облысында бүгін бес бірдей білім ошағы пайдалануға берілді. Үш мектеп
Төлеби ауданы тұрғындарының игілігіне
берілсе, тағы екеуінің кілті
Бәйдібек ауданында салтанатты түрде табысталды.
Бәйдібек ауданы Кеңсай ауылындағы жүзден астам отбасы үшін бұл көптен күткен
қуаныш. Ауылдың мектеп жасындағы балалары, 60 жыл бұрын салынған апатты саман мектепте білім алып
келген. Жоғары сыныпта оқитындары өзге
ауылдардағы туған-туыстың үйін жағалапты. Енді бұл қиындықтан құтылдық деп,
шалғайдағы ағайын қуанышты. 176 орынды жаңа ғимаратта спорт, акт залдары мен
асхана, кітапхана бар.
Қанткүл
Орынғалиева, Кеңсай ауылының тұрғыны:
"Ел
болам десең, бесігіңді түзе" дейді. "Қазақстан-мәңгілік ел"
дейміз. Мәңгілік ел болу үшін, оның ұрпақтары да білімді, саналы, үлкен азамат болу керек. Сондықтан осындай
заманауи, талапқа сай мектепте білім алғанына қуаныштымыз.
Осындай
қуанышқа Бәйдібек ата ауылының халқы да кенелді. Бір жарым мыңнан астам тұрғыны
бар елді мекенге бұйырған мектеп 220 орындық. «Алмалы» орта мектебі де заманауи құрал-жабдықпен жарақталған. Пән сыныптары, зертхана, өз алдына мультимедиялық кабинеттің болғаны
оқушыларды қуанышқа бөледі. Жаңа мектептегі сыныптарымен танысып жатқан
оқушылар тек қана жақсы оқуды алдына міндет қойып жатыр.
Нұрилә
Оразбек, Алмалы орта мектебінің 10-сынып оқушысы:
Ескі
мектепте барлығымыз бірдей компьютерге
отыра алмайтынбыз. Кезекпен болатын. Ал қазіргі кезде жеке-жеке компьютер және
ұстазбен бірдей жұмыс істеп, соның бағытымен жұмыс істеп отырамыз. Вай-фай
жүйесі бойынша жұмыс істейді екенбіз,
танысып қуанып жатырмыз.
Сапарбек
Тұяқбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары:
1 қыркүйек
қарсаңында 22 мектеп ашылып отыр, іске қосылып. Жыл соңына дейін тағы 20 білім
саласының нысанын іске қосу жоспарда бар. Бұдан басқа 135 нысанға күрделі
жөндеу жүргізіліп жатыр. Оған 9 миллиардтан астам қаржы қаралған жергілікті
бюджеттен.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ