$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Астанада «Әл-Баракат компани» құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
04.09.2014ж. 20:00
1157
Астанада «Әл-Баракат компани» құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада «Әл-Баракат компани» құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды. "Компанияға қаржы жымқыруға қам қылды деген айып тағылып отыр", - деп қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, жуырда Астана әкімдігіне азаматтардан аталмыш компанияның арзан баспана саламыз деп мыңдаған үлескердің ақшасын жинап, құрылыс мерзімін созды деген шағым түскен.

Ресми мәлімет бойынша, «Әл баракат компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Прага», «Шарджа» тұрғын үйлерінің құрылысын бастау жөнінде үлескерлермен келісім жасасқан. Алайда қалалық сәулет және құрылыс басқармасы компанияға аталған объектілерді тұрғызуға рұқсат құжаттар әлі берілмегенін хабарлады. Заң бұзушылықтарды әшкерелеген қала әкімдігі бар материалды Ішкі істер департаментіне тапсырған болатын. Құрылыс компаниясы болса, тағылған айыптардың барлығы негізсіз дейді. Компания басшысы Бақытжан Тойымбетовтің сөзінше, шу бәсекелес басқа компанияның қолдан жасап отырған арандатушылығы болуы мүмкін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ