$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Бүгін еліміз бойынша мүлікті заңдастыру науқаны басталды

AstanaTV
01.09.2014ж. 13:00
956
Бүгін еліміз бойынша мүлікті заңдастыру науқаны басталды

Бүгіннен бастап елімізде ақша мен мүлікті, құнды қағаздарды заңдастыру науқаны басталды. Науқан 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Үкіметтің «ақша мен мүлікті заңдастыру» жобасына сай, жарияланған капитал табыс болып саналмайды.  Яғни қожайыны салық төлеуден босатылады.

Қалтасы қалың азаматтар тіпті шет елдегі мүліктерін заңдастыру мүмкіндігіне ие. Алайда ол үшін 10% алым төлейді. Заңдастыру еліміздің экономикалық айналымына қосымша қаражат қосу мақсатымен ұйымдастырылды.

Айта өтейік, ақшаны заңдастыратын азаматтар бірқатар баптар бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайды. Қаржы министрлігінің болжамы бойынша науқан барысында кем дегенде 10-12 млрд $-дай қаражат заңдастырылмақ. Соңғы рет елімізде осындай науқан 2006 жылы жүргізілген.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА