$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Өскеменде қоғамдық көліктегі жолақы қымбаттады

AstanaTV
01.09.2014ж. 13:00
1090
Өскеменде қоғамдық көліктегі жолақы қымбаттады

Өскеменде бүгіннен бастап қоғамдық көліктердегі жолақы құны қымбаттады. Жолаушылар енді 60 теңгенің орнына, 75 теңге төлеуде.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың маусым айында автопарк өкілдері наразылық акциясын ұйымдастырып, тарифті көтеруді талап етті. Айтуларынша, 60 теңге шамасында болған жол жүру құны жүргізушілердің еңбекақысына, жанармай мен қосымша бөлшектерді сатып алуға кететін шығынды ақтамайды. Жолаушыларды тасымалдайтын кәсіпорындар тіпті тоқтап қалудың аз-ақ алдында тұрғандарын ескертті. Ал билік өкілдері жолақы құнын өзгертуге біршама уақыт қарсы болған еді.

Алайда, кейін арнайы комиссия құрып, автопарктердің экономикалық жағдайларын саралауға көшті. Сөйтіп, кеңес мүшелері тариф құнын кәсіпкерлер талап еткендей 80 теңгеге дейін жеткізбей, 15 теңгеге қымбаттатуды жөн көрді. Енді мәслихат депутаттары кезекті сессияда әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға жасалатын жеңілдіктерді қарастырмақ.

Айта кетейік, Елордасы-Астанада кешелі бері қоғамдық көлікте жүру құны 90 теңгеден сатылып жатыр.

Абзал ҚҰРМАНКИН