$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Павлодардың құқықтық көмек бекеттері ұйымдастырылды

AstanaTV
01.09.2014ж. 13:00
1234
Павлодардың құқықтық көмек бекеттері ұйымдастырылды

Конституция мерекесінде павлодарлықтар көңіл көтеріп қана қоймай, өздерін толғандырған мәселелеріне де тұшымды жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Орталық алаңда түрлі саланың мамандарынан жасақталған «Кеңес аллеясы» таңнан кешке дейін тұрғындар үшін жұмыс істеді.

Мұнда әкімдіктің, мемлекеттік мекемелердің, заңгерлер мен екінші деңгейдегі банктердің өкілдері болды. Мамандар тұрғындарға хұқықтық кеңестер берді. Бірегей аллеяны байқаған жұрт бірден жақындап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып жатты. Әсіресе, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне келушілердің қарасы көп болды.

Сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің үстелдері бос болмады. Орталық алаңға тынығуға келген қауым жергілікті биліктің бұл идеясын құптайтынын жеткізді. «Ұзын-сонар кезекте тұрып, әр табалдырықты тоздырып жүргеннен гөрі - бүгінгі шара ыңғайлырақ», - дейді.

Людмила ФИЛЁВА
:

Меніңше, бұл өте ыңғайлы әрі дұрыс ойластырылған шара. Бірақ, кеңес аллеясын тек қана Конституция күнімен шектемей, өзге де қоғамдық мерекелерде ұйымдастырса жақсы болар еді. Бірден, қажет сұрағыңа жауап аласың.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ