$516.01 €582.47 ₽6.26
×

ЕО-тың Ресейге қарсы санкциялары күшейеді

AstanaTV
01.09.2014ж. 20:00
1062
ЕО-тың Ресейге қарсы санкциялары күшейеді

Польша премьер-министрі Дональд Туск Еуропа кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ол жаңа қызметіне бірінші желтоқсанда кіріседі. Еуропалық одақ жетекшілері оның  кандидатурасын өткен сенбіде бекітті. Сондай-ақ, одақтың жоғарғы өкілдігінің лауазымына Федерик Могерини тағайындалды. Бұған дейін ол Италияның сыртқы істер министрі болған. Сарапшылыр Туск Еуропалық одақ жетекшілерінің  көңілінен шыққанын айтады.

Ал жаңа төраға Украина мен Ирактағы жағдайды тұрақтандыруға бел шеше кірісетінін мәлімдеді. Дональд Тускті біраз мемлекеттің басшылары құттықтап үлгерді. Ал Еуропа кеңесінің қазіргі төрағасы Херман Ван Ромпейдің қызмет мерзімі 30 қарашада аяқталады. Ол Ресейге қатысты жаңа санкциялар енгізілуі мүмкіндігін баяндады.

Херман Ван Ромпей,  Еуропалық кеңес төрағасы:

Біз үшінші кезеңде экономикаға едәуір әсері бар санкциялар қабылдадық. Еуропалық одақ бұған дейін Еуропалық комиссия мен ішкі қызмет жағдайды бағалап, қажет болса бір апта ішінде тағы ұсыныс әзірлеуге дайын екенін мәлімдеген.

Еске салайық, АҚШ пен Еуропалық одақ елдері енгізген санкциялар үш кезеңге  бөлінеді. 2014-тің наурызынан бастап батыс елдері бірқатар ресейлік саясаткерлер мен бизнесмендердің өз аумағына кіруіне тыйым салып, есеп-шоттарын бұғаттап тастады. Шілдеде бұл тізім ұзара түсті.

Екінші кезеңде Еуроодақ инвесторларына Қырымдағы маңызды әскери нысандарды жасақтауға технология жеткізуге тиым салынды. Тамызда үшінші кезең басталды. Ол бірнеше Ресей банктері мен біріккен кеме құрылысы корпорацияларына қатысты. Бұған қарсы ресми Мәскеу бір жыл бойына Ресейге санкцияшыл елдерден тауар импорттуды тоқтатып тастады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ