$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Сирия билігінде жаңа үкімет

AstanaTV
01.09.2014ж. 20:00
1134
Сирия билігінде жаңа үкімет

Сирия билігінде жаңа үкімет. Премьер-министр Ваиль аль-Хальки бастаған үкіметтің жаңа құрамы бүгін президент Башар Асадтың алдында ресми түрде ант берді. Министрлер кабинеті құрамында 11 жаңа тұлға бар. Араларында әйел де бар. Назира Саркис табиғатты қорғау ведомствосын басқарды. 

Ант қабылдау кезінде премьер аль-Хальки үкімет  сириялықтардың қамы үшін  мүлтіксіз қызмет ететінін айтты. Ал президент Башар Асад болса,  басты міндеті елдің экономикалық жағдайын жақсарту екенін ескертті. Айта өтейік,  үкімет президент сайлауынан кейін қайта жасақталып отыр.

Есте болса, сайлау 2014 жылдың 3 маусымында өтті. Онда 88,7% пайыз дауыспен Башар Асад жеңіске жеткен-ді. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА