$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы аяқталды

AstanaTV
02.09.2014ж. 13:00
1174
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы аяқталды

Жаңа ғана Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы аяқталды. Депутаттар алдында сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздігі үшін орын алуы мүмкін сын-қатерлерді ескертуде барлық жұмыстарды атқару маңызды екенін қадап айтты - деп, «Қазақпарат» хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев
, Қазақстан Республикасының Президенті:

Парламенттің жаңа сессиясы күрделі жағдайда басталып отыр. Әлемдік экономикадағы болжамсыздық сақталуда, геосаяси, оның ішінде Украинадағы оқиғаларға орай халықаралық қарым-қатынастар әлсіреуімен байланысты тәуекелдер тереңдеп келеді. Әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайызын құрайтын мемлекеттер бір-біріне санкциялар қолдануда. Мұның барлығы да орын алып отырған экономикалық қарым-қатынастар мен әлемдік тәртіпке айтарлықтай түзетулер енгізуге түрткі болады. Қазақстанның және оның серіктестерінің экономикалық өсімінің төмендеуіне әкеледі.
Сондықтан да экономика, халықтың әл-ауқаты, Қазақстанның қауіпсіздігі үшін орын алуы мүмкін теріс сын-қатерлердің алдын алуда барлық жұмыстарды атқару маңызды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА