Либериядағы ең ірі аурухана
медбикелері ереуілге шықты. France-Press агенттігінің хабарлауынша, олар
жалақыларының көтерілуін және Эбола безгеніне қарсы қорғаныс құралдары
сапасының жақсартылуын талап етуде.
Ел астанасы - Монрови қаласындағы аурухана
қызметкерлерінің айтуынша, індет тарала бастаған уақытта олар қажетті қорғаныс
құралдарымен қамтамасыз етілгенмеген, соның салдарынан бірқатар дәрігерлер
қатерлі індетті жұқтырған.
Айта өтейік, 30 тамызда Сьерра-Леоне
мемлекетінің президенті Эрнест Бай Корома денсаулық сақтау министрі Мьятту
Каргбоны қызметінен босатқан болатын. Бұл қадамға батыс африкалық ел президенті
эбола вирусынан Сьерра-Леоненің 400-ден астам азаматы қаза болғаннан кейін
барып отыр.
Еске салайық, эбола безгегінің таралуы
осы жылдың ақпан айында Гвинеядан басталып, кейін Сьерра-Леоне, Либерия және
Нигерияға жайылды. Осыдан бір апта бұрын аса
қатерлі індет Конго мен Сенегал елдеріне жеткені белгілі болды. Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы таратқан соңғы ақпарат бойынша эбола вирусынан 1 552 адам
көз жұмған, олардың 700-ге жуығы Либерия азаматтары. Жалпы безгекті жұқтырудың
3 мыңнан астам дерегі тіркелген.