Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Орал әуежайының ұшу-қону алаңы үш айға жөндеуге жабылды

AstanaTV
02.09.2014ж. 10:00
1352
Орал әуежайының ұшу-қону алаңы үш айға жөндеуге жабылды

Орал әуежайының ұшу-қону алаңы үш айға жөндеуге жабылды. Енді жолаушылар діттеген жеріне Оралдан 500 шақырым жердегі Атырау әуежайынан ұшатын болады.

Жол шығынын өз мойнына алған әуежай 48 адамдық 4 жайлы автобус сатып алған. Сонымен қатар, Атырауға қонатын оралдық жолаушыларды да «Бек Эйр» компаниясы өз есебінен қарсы алмақ. Әуежай басшылығы, бұл өзгерістер жолаушылар жүйкесін жұқартқанымен, билет құнына еш әсер етпейтінін мәлімдеп отыр. Енді жолаушыларды арнайы бөлінген автобус, ұшақ ұшатын уақыттан тоғыз сағат бұрын әуежай басынан жинап, алып кетеді. Өйткені, жолаушылар автобусы Атырауға 7 сағат жүріп барады. Дегенмен, ұшу рейстерінің жиілігі өзгермейді.

Айта кетелік, Орал әуежайының ұшу-қону алаңын жөндеу ісіне 6 миллиард теңге бөлінді. Екі кезеңмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарынан кейін ұшу алаңының ені мен ұзындығы ұлғайтылады. Ал салынғалы бері жібі түзу жөндеу көрмеген ұшу алаңының жарамсыздығының кесірінен алып лайнерлердің Оралға қонбағанына 2 жылдан асыпты.

Еркін ҚАРИН