Бүгін таңертең Астанадан Антальяға бет
алған жолаушылар ұшағы 40 минут ұшқан соң Елорда әуежайына қайта қонуға мәжбүр
болды. Жолаушыларға не себепті қайтатындарын
ешкім түсіндірмеген. Тек техникалық себептерге байланысты қайта қонамыз депті.
Ботагөз Саркулова, жолаушы:
Біз таңғы 6:50-де ұштық. Астана-Анталья
бағытындағы 501-рейс. 40 минуттан соң бізге техникалық себептерге байланысты
Астана әуежайына қайту керек деген хабарлама айтты. Қайтып оралдық. Бізге бір
сағаттан соң қайта ұшасыңдар деді. Одан соң 14:30-да деген екінші нұсқаны айтты. Ал қазір 12:30-да ұшамыз, деді. Қандай техникалық себептерге
байланысты қайта қонғанымызды ешкім түсіндірмейді. Жолсеріктер де ештеңе
білмейіз,
дейді.
Жолаушылардың айтуынша, ұшақты жерге
қонғанда үш өрт сөндіруші көлік қарсы алған. Алайда
адамдар өрттің белгілерін байқамағандарын айтады. «Эйр
Астана» өкілдері болса, ұшақ апатты жағдайда емес, штатты жағдайда
қонды дегендерінен танбады. Техникалық себептің өзі тек күдік ретінде болған, дейді.
Тілек Әбдірахимов, «Эйр Астана» әуе компаниясының пиар менеджері:
Алдыңғы әйнекте шытынау бар деген күдік болды. Алайда жерге қонғанан кейін, ол шытынау емес, жай ғана дақ
екені анықталды. Оны кетірдік. Шытынау өте салмақты ауытқуларға алып келер еді.
Енді сағат 12:30-да
ұшады.
Жолаушыларға қайта хабарласқанымызда, оларды
қазір дәл сол ұшаққа отырып жатқандарын айтты. Кері қайту себебін түсіндірген
әуе компания өкілдері ұшақ тиісті биіктікке көтеріле алмаған себепті қайта
қонуға мәжбүр болғанын түсіндіріпті.
Айгүл ӘДЕПБАЙ