$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Петропавлда қаржы полициясы қызметкерін өлтірді деп айыпталған Ресейдің үш азаматы сот алдында жауап берді

AstanaTV
02.09.2014ж. 13:00
1232
Петропавлда қаржы полициясы қызметкерін өлтірді деп айыпталған Ресейдің үш азаматы сот алдында жауап берді

Петропавлда Жандос Ахметовтың ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде жаңа деректер жария болды.

Бүгінгі отырысқа қаржы полициясының бұрыңғы басшысы Нұрлан Шабдар қатысты. Ол, Жандос Ахметов қателікпен өлтірілді деген ақпаратқа күдікпен қарайды.

Айтуынша, оның өзі «КИА» маркалы қызметтік көлікпен қатынаған. Ал Жандос Ахметовке тиесілі көліктің маркасы - «Тойота Камри». Демек, екі көлік тұлпар біріне-бірі мүлдем ұқсамайды. Бұдан бөлек, олардың үйлері де бір-бірінен мүлде алыс. Нұрлан Шабдар шаһардың орталығында тұрса, Жандос Ахметовтың отбасы қаладан шеткері орналасқан.

Сонымен қатар, сот процесіне куәгер ретінде қатысқан экс қаржы полицейі өлімге тапсырыс берген Махмановты мүлдем танымайтынын айтады. Айта кету керек, Нұрлан Шабдар Солтүстік Қазақстан облысы қаржы полициясы басшылығынан биыл наурыз айында босатылған, қазір басқа орынға тағайындалуын күтіп жүр.

Абзал ҚҰРМАНКИН