$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Ауылшаруышылық экс-вице-министрі Өмірияев алғашқы сот отырысында кінәсін мойындаған жоқ

AstanaTV
02.09.2014ж. 13:00
1285
Ауылшаруышылық экс-вице-министрі Өмірияев алғашқы сот отырысында кінәсін мойындаған жоқ

Ауыл шаруашылық министрлігінің мемлекеттік сатып алуларында делдалдық қызмет атқаруда аса ірі көлемде пара алды деген айыппен сот алдына тартылған ведомствоның бұрыңғы вице-министрі Мүслім Өмірияев өзіне тағылған айыптармен келіспеді.

Бүгін Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық сотында экс-шенеуніктің ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Қылмыстық іс бойынша басты куәгерлер пара беруші кәсіпкер Макаренко мен Өмірияевтің сенімді өкілі Адимонов адвокаттарының қолы тимейді деген себеппен сот отырысына қатыспады. Экс-шенеунік лауазымын асыра пайдаланып, мемлекеттік сатып алуда кәсіпкер Макаренконың компаниясының жеңіске жетуіне септесіп, кейін оны бопсалау арқылы 100 мың АҚШ доллары және 6 миллион теңгеден астам пара алу фактісі бойынша өткен жылдың желтоқсан айында қолға түскен.

- Вину признаете?
- Нет, не признаю.
- Полностью не признаете? Хорошо.

Келесі сот отырысы 4-қыркүйекке белгіленді. Кезекті отырыста істің басты куәгерлерінен жауап алу жоспарлануда. Өмірияевтің өзі куәгерлерден бұрын жауап беруден бас тартты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ