Оралдықтар Атырау арқылы ұшуға
түсіністікпен қарайды. Кеше алғаш рет жолға шыққан автобусты аймақтағы
тілшілеріміз шығарып салды.
Айта кетейік, Орал әуежайы 1-ші
қыркүйектен уақытша жабылды. Онда жөндеу
жұмыстары жасалмақ. Енді ұшық жолаушылары алдағы үш ай бойы 500 шақырым
қашақтықтағы Атырау әуежайы арқылы діттеген жеріне ұшады. Жолаушылардың
тасымалдауды Орал әуежайы мойнына алыпты. Олар сыйымдылығы 50 адам болатын,
төрт автобус сатып алған. Атырауға аттанған алғашқы автобуста 7 жолаушы ғана
болды. Ұшаққа дейін 7 сағат жол жүруіне тура келсе де, олар жөндеу жұмыстарының
жүргізілгеніне түсіністік танытып отыр.
Айнагүл Қанағатова, жолаушы:
Орал мен Атыраудың екі ортасы 500 шақырым, енді өзім ойлаймын, түнде
болғасын жол жеңіл болады деп, ешқандай қиындық төндіріп тұрған жоқ.
Жүсіп Қауметов, жолаушы:
Жалпы, Атырау мен екі ортадағы жол жақсы, бұрыннан жеңіл машинамен жүріп
жүрген жол. Мен үшін бөтен жол емес. Енді былай, әрине Оралдан ұшқаны жақсы еді. Бірақ енді не істейміз? Ремонт бізге болғаны жақсы
ғой. Келесіде ана үлкен самолеттар ұшуға қолайлы болады. Солай ұшамыз, басқаша енді не істейміз? Көнеміз.
Еркін ҚАРИН