$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Шымкентте жеке үйлердің бірінен алып кесіртке табылды

AstanaTV
02.09.2014ж. 13:00
4586
Шымкентте жеке үйлердің бірінен алып кесіртке табылды

Шымкентте жеке үйлердің бірінен алып кесіртке табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушыларына «Самал-3» шағын ауданы тұрғындарының бірі көмек сұрап хабарласқан.

Тосын қонақ қаланың шеткері жағында орналасқан жеке үйлердің ауласына кіріп кеткен. Құтқарушылар ұзындығы 1 метрден асатын кесірткені араға жарты сағат салып әрең ұстады. Өйткені өзін қолға түсірмек болғандарға ол айбат шегіпті. Мамандар оны тек арнайы құралдың көмегімен ұстаған. Олар кесіртке тістеген жерінен айрылмайтын тіршілік иесі деп отыр. Бірақ сәтін салғанда ешкімге зиян келтіре қоймапты. Құтқарушылар оны хайуанаттар бағына апарып тапсырды.

Айтпақшы, Шымкентте жеке үйлердің ауласынан табылған бұл екінші кесіртке. Жуырда осыған ұқсас жағдай болып, 50 см-лік кесіртке ұсталған. Мамандар жәндік оны құмды даладан сатуға әкелгендердің үйінен қашып кеткен болар деп топшылайды.

Мамыр Құдайберген, Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушысы:

Бұндай оқыс оқиға екінші мәрте болып отыр. Мөлтек аудандардың бірінен біріншісін ұстағанбыз. Ол 50 см-дей. Бірақ адамдарға ешқандай зиян келтірілген жоқ. Ұстап біз зоопаркке өткіздік. Бұның
қайдан келгені бізге беймәлім қазір.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ