Шетелдік
сапардан кейін елге науқастанып оралған Павлодар тұрғынынан медициналық тексеру
барысында «Эбола» безгегінің белгілері табылмады. Бұл туралы «Астана»
телеарнасына Павлодар облысының инфекциялық ауруханасының өкілдері хабарлады.
Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің ақпарынша, 28 тамызда
Түркиядан оралған турист өзін жайсыз сезінген. Бірден учаскелік дәрігердің
көмегіне жүгініпті. Науқасты тексерген дәрігер оған «белгісіз генезді вирус»
деген диагноз қояды. Бұдан соң сырқатты үйге шақырылған инфекционист-маман да
қараған. «Әйел ауруханаға жатқызылды» деген ақпаратты департамент өкілдері
растамады. Бірақ инфекциялық аурухана өкілдері тілшілерімізге қазір әйелдің
жағдайы жақсарғанын, тіпті жұмысқа шыққандығын айтты.
Марина
Корнюхина, ауруханалық эпидемиолог:
Аурудың
анамнездік белгісін ескере отырып тексергенде «Эбола» безгегінің дамуы,
клиникасы болмағаны анықталды. Әйелге вирустық жұқпа деген диагноз қойылды.
Фарингит пен синуситтің асқынғандығын рентгендік тексеру көрсетті. Қасында
болған екі адам да тексерілді.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ