Маңғыстау
облысына радиоактивті улану қаупі төніп тұр. Қазір өңірде Оралдан Маңғыстауға
аттанған КАМАЗ автокөлігінен түсіп қалған цезий - 137 салынған контейнер
іздестірілуде. Полиция осындай жағдайға жол берген көлік жүргізушісін
салғырттығы үшін кінәлап отыр.
Полицияның пайымынша, ғылыми мақсатта
Маңғыстауға жолданған цезий Сайөтпес-Шетпе жолында түсіп қалуы мүмкін. 50
келілік темір контейнерді облыстағы барлық арнайы қызметтер іздестіруде. Ал
тергеу ісімен Маңғыстау облыстық ҰҚК айналысады. Полиция өңір тұрғындарына
күдікті контейнер табылған жағдайда оны ашпауын өтініп отыр. Өйткені, Цезий-137
өте аз мөлшерде де адамды сеспей қатыратын улы зат. Цезий сәулесі рентген
терапиясы мен өлшеу құралдарында пайдаланылады. Сонымен қатар бұл заттан бомба
да жасауға болады екен.
Әлия
Шермағанбетова,
Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
Салмағы
50 келі болатын бұл улы зат темір контейнерге салынған. Көлік жүргізушісінің өз
жұмысына салғырттығының кесірінен радиоактивті жүк жолда түсіп қалған.
Еркін ҚАРИН