Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстанда Украина босқындарының саны қанша?

AstanaTV
02.09.2014ж. 20:00
3474
Қазақстанда Украина босқындарының саны қанша?

Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас бұзылғанымен, Украина елімізбен әріптестігін нығайтуға мүдделі. Әсіресе шешімін таппай қойған газ мәселесі мен Қазақстанда салынатын атом электр стансасының құрылысына да ат салысуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында айтты. 

Юрий Лазебник, Украинаның Қазақстандағы уақытша снімді өкілі:

Қазір Батыс Еуропадағы әріптестермен келіссөздер жүріп жатыр. Және жақын арада бұл жобалар жүзеге асады. Бізге газды Ресейден гөрі Батыс Еуропадан жеткізу арзанға түсіп отыр. Украина кез келген елден газ сатып алу ұсыныстарын қарасытыруға әзір. Оның ішінде Қазақстаннан алуға да мүдделіміз.

Екі ел арасындағы тауар айналымы да күрт төмендеп кеткен. Мәселен, өткен  жылдың соңында бұл көрсеткіш 4 млрд доллардан асса, алғашқы жарты жылдықта тауар айналымы 50 пайызға құлдыраған. Ал Украина кәсіпкерлері бізге инвестициясын әкелуге дайын отырған көрінеді. Әсіресе технологиялық бағытқа қаржы құйып, бірлескен өндіріске ынталы дейді елшілік өкілдері. Тіпті біздегі атом электр стансасының құрылысына білек сыбана кірісуге әзір. 

Юрий Мансветов, Украинаның Қазақстандағы елшілігінің экономикалық сұрақтар бойынша бірінші хатшысы:

Украина тарапы біздегі кәсіпорындардың атом электр стансасының да құрылысына ат салысуына қызығушылық танытады. Бізде бұл бағытта айтарлықтай технология, өндірістік қуат және тәжірибе бар. Біз сол тәжірибемен бөлісуге дайынбыз. Атом электр стансасының құрылсына қатысуға әзірміз. Қазір қандай атом реакторлары салынады, қандай технологиялар қолдыналатынын көрсететін Қазақстанның ресми шешемін күтіп отырмыз. Егер біздің мүмкіндігіміз ол шешіммен сай келсе, құрылысқа кірісе аламыз.

Елшілік өкілдері Украинадан Қазақстанға ағылып келіп жатқан босқындар туралы ақпарат төңірегінде де мәлімет берді. Айтуларынша, бізге қоныс аударған отандастарының саны 40 шақты адам. Бұл ішкі істер министрлігінің тамыз айының соңына берген статистикасы. Ал жалпы Қазақстандағы консулдыққа тіркелген украин азаматтарының саны мыңға тарта.

Айгүл ӘДЕПБАЙ 

Алдыңғы жаңалық