Тараздағы «Ауыл-береке» базарын жарып
жібере жаздаған қаскөйлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайында Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің
баспасөз қызметі ақпарат таратты. Ресми орынның дерегіне сәйкес, қаскөйлер ҚР
Қылмыстық Кодексінің 187 бөлімінің 2-ші тармағы бойынша, яғни «әдейі біреудің мүлкін құртпақ болды» деген
бап бойынша жауапқа тартылмақ.
30-тамызда осы базарға белгісіз
біреулер «Ауди» көлігін тастап кеткен. Оның
ішінде бензин толы құтылар мен газ баллондары болған. Темір тұлпардың
мемлекеттік нөмірі де болмапты. Жарылыстың дауысынан сасқалақтаған бұқара
абыр-сабыр болды.
Оқиға орнына тәртіп сақшысы мен базар
әкімшілігі келіп, өрт сөндіргіш құрылғылармен автолік салонындағы жарылғыш
заттарды залалсыздандырды. Көпке дейін
көліктің есік-терезесі ашылмады. Қаскөйлер автокөлігін ішінен сым-темірмен
мықтап бекітіп тастаған. Тексере келе автокөлік ішінде 50 литр бензин мен
бірнеше газ балоны мықтап жасырылыпты. Абырой болғанда, адамдар дін аман. Базар
басшылығы болса, бұл қастандықтың байыбына бара алар емес. Кім үшін жасалғанын
және кімнен көретіндерін білмей дал.
Ал, полицейлер «Ауди» автокөлігі
арнайы жарылыс жасау үшін әдейі дайындалған дейді. Өйткені, машина есептік тіркеуден шығарылып, мемлекеттік
нөмірсіз базар алдына қалдырылыпты.
Ерлан Барлыбаев, Тараз қаласындағы «Ауыл-береке» базары
директорының орынбасары:
Осы жерге «Ауди-80» қара түсті машина кіргізілген іші тола бензин. Газовый балончиктер салған. Сөйткенде, оған бес минут
қалғанда ішіне өрт қойып кеткен. Онын жан-жағында машиналар қаптап тұр. Адамдар
көп жүріп жатыр. Егер, где-то бір минуттай, екі минуттай кешіксек бұл жерде
жарылыс болар еді.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ