$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Өскеменде жылу беру маусымы алдында қаладағы ЖЭС-те көмір тапшы

AstanaTV
19.09.2014ж. 13:00
1459
Өскеменде жылу беру маусымы алдында қаладағы ЖЭС-те көмір тапшы

Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстандағы Семей мен Қатон-Қарағай бекеттеріне көмір жеткізіле басталды. Тұтынушылардың берешегі көп болғандықтан осы екі аймақ отынның қорын уақытылы жасақтай алмаған. Өңірдегі өзге аудан-қалаларда көмір қоры 100 пайыздан асады.

Облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының өкілдері барлық жылу-энерго орталықтары жылыту маусымына әзір деп ақпарат таратуда. Алайда, көмірдің қажетті қорын жасақтау үшін республикалық бюджеттен қаржылай қолдау керек. Қазір аймаққа 1 миллиард теңге көлемінде дотация бөлу мәселесі үкіметте қаралып жатыр. Жеке үйлер үшін көмір сататын орындар ашылды. Отынның 1 тоннасы 6.700 тенге. Мұнан бөлек әлеуметтік аз қорғалған тұрғындар үшін жеңілдік қарастырылған.

Айтқазы Шерубаев, ШҚО энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы:

Отынның қосымша қоры жеткілікті мөлшерде жеткізіледі. 1 қазанға дейін жылыту маусымын бастауға толықтай әзір боламыз.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА