$527.3 €544.86 ₽4.95
×

Атырауда 1-сынып оқушыларына оқулық жетпей жатыр

AstanaTV
03.09.2014ж. 20:00
3083
Атырауда 1-сынып оқушыларына оқулық жетпей жатыр

Атырауда балалары 1-сыныпқа барған ата-ананың қуанышы су сепкендей басылды. Олар табанынан таусылып, оқулық іздеп жүр. Ал кітап дүкендері алдында ұзын-сонар кезек.

Әйгерім Төлепова:

Таңертең сағат 8-ден бастап кезек алдық, содан бері әлі тұрмыз. Кітапты алу мүмкін емес, базарда 1 500 дейді кітаптың бір бағасы, ал мында 700 теңге тұрады дейді, кішкене өзім жалғызбасты ана болғасын, ақша да жетіңкіремейді, сосын мұннан алып жатырғаным ғой.

Салық Зиманов атындағы кітап үйінде «Атамұра» баспасынан шығатын оқулықтар ғана сатылып жатыр. Айтуларынша, олар ата-аналардың сұранысын қанағаттандыра алар емес. Бірінші және үшінші сынып оқулықтары түгелдей, ал жоғары сыныптардың математика және ағылшын тілі кітаптары жетпей жатыр. Қалалық білім беру бөлімі мамандары мәселеге қанық. Олар «1-сыныпқа қабылданған бала санының көптігінен кітап тапшылығы туындап отыр», - деді. Атыраудағы 56 мектептің табалдырығынан биыл 5 мың 806 балғын аттапты. Тіпті, нөмірі 16-мектепте он алты бірінші сынып ашылған.

Айта кетейік, биыл кітап сатып алу үшін қала қазынасынан 52 миллион теңге бөлінген. Бірақ бұл қаражат тапшылықты толық жаба алмай отыр.

Нұрсәуле Сайлауова, Атырау қалалық білім беру бөлімінің басшысы:

Биылғы оқу жылында 3-сынып пен 10-сыныпқа жаңа оқулықтар алынып, бүгін міне келіп жатыр. Кейбір мектептерде 16 сыныпқа дейін ашылып отыр. Енді сондай жағдайларға кетіп қалған мектептерде біздер әлеуметтік жағдайы төмен, жартылай жетім, көп балалы аналарды ең бірінші қамтамасыз етеміз.