$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Путин мен Порошенко Донбастағы ұрысты тұрақты түрде тоқтату туралы келісті

AstanaTV
03.09.2014ж. 20:00
1100
Путин мен Порошенко Донбастағы ұрысты тұрақты түрде тоқтату туралы келісті

Петр Порошенко мен Владимир Путин  Донбасста "атысты тоқтата тұру" туралы ғана келісімге қол жеткізді. Бұл туралы Украина президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Алайда ресми Мәскеу бұл ақпаратты әлі нақтылаған жоқ. 


Бұған дейін Ресей мен Украина президенттері телефон арқылы Донбасстағы ұрысты "тұрақты түрде тоқтату туралы" келісіміне  келді деген ақпарат шыққан-ды. Алайда бүгін Киев, екі тарап тек бейбіт күнді орнатудың алғы шарттарын талқылады деген хабарлама таратты.

Бұған дейін Путин мен Порошенконың телефон арқылы хабарласқандары жайында Ресей президентінің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков та растаған. Оның айтуынша, президенттер Украинадағы әскери және гуманитарлық дағдарысты ғана  сөз еткен. "Олардың  бейбіт шешімге келу туралы көзқарастары сәйкес келеді", - деп қосты Песков.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА