$480.55 €533.75 ₽5.36
×

ШҚО-да кәсіби білім алу хұқын кеңейту туралы ұсыныс айтылуда

AstanaTV
03.09.2014ж. 20:00
1120
ШҚО-да кәсіби білім алу хұқын кеңейту туралы ұсыныс айтылуда

Шығыс Қазақстан облысында оқу-өндірістік тәжірибені жандандыру туралы ұсыныс айтылып жатыр. Педагогтар осылайша оқу орындарының түлектерін кәсіби қызметке бейімдеуді көздейді. Оқушылардың өздері бұл бастаманы қолдауда. Алайда оларға мұндай мүмкіндік әзірге берілмей отыр. Толығырақ әріптесім Азамат Алдоңғаров тарқатады.

Сара Амангелді 11-сыныпты бітіргелі отыр. Болашақ мамандығын медицинамен байланыстыруда. Көркем фильмдер мен танымдық бағдарламалардан әсерленіп - хирург болуға бел буды. Тек,  жауапты мамандықтың өмірлік кәсіп екенін ұғыну үшін, алдын ала оқу тәжірибесінен өткісі келеді.

Сара Амангелді, № 38 мектеп-гимназиясының оқушысы:

Медицина саласын таңдасам, бірінші кезекте дәрігерлердің қасында жүріп мамандықпен таныссам, жақсы болар еді. Заңгер болғысы келетіндер нотариус кеңсесінде жұмыс барысын өз көзімен көрсе.

Оқу-өндірістік тәжирибе жайында Сараның қатары тек ата-аналарының естелік әңгімелерінен естігені бар. Кезінде олар аптасына бір рет көлік және трамвай жүргізушісі, хатшы-машинист, кірпіш қалаушы, тігінші, сылақшы мамандықтарының қыр-сыры бойынша дәріс алып тұрушы еді. Сол білім оларға бүгінде негізгі табыс көзіне айналған. Өкініштісі, жақсы дәстүр жалғасын таппады. Бүгінгі оқушылар тек теориямен шектеледі.

Валерий Незнахин, № 38 мектеп-гимназиясының оқушысы:

11-сыныпқа дейін көпшілігіміз болашақта кім боларымызды болжап-жоспарлаған жоқпыз. Жалпылама білім алудамыз. Ал егер де белгілі мамандықпен таныссақ, қызықсақ, шешім қабылдау оңай болар еді.

"Мамандыққа баулуды мектеп қабырғасынан бастау керек", - дейді техникалық колледждің ұстаздары. Галина Харьковскаяның қолынан түлектердің бірнеше буыны түлеп ұшты. Олардың арасында белгілі шоумэн Сергей Зверев те бар. Кешегі дәстүрді жандандыратын мамандар бүгін де тәуір еңбек етуге әзір. Ол үшін тәжірибе мен база бар.

Галина Харьковская, «Өскемен қызмет көрсету колледжі» директорының орынбасары: 

Егер де бұл бастама заңдық негізде шешімін тауып, қалалық, аудандық білім басқармаларының деңгейінде қолға алынып жатса, біз мамандықтар бойынша кәсіби кеңесті қуана берер едік.

Ресторанное дело.

Банковское дело.

Основные курсы что были, как  в СССР - водители, кулинария, то что нам может пригодиться и в жизни.

И это отвлечет от  зубрежки и подготовки к экзаменам.

Кәсіби білім мәселесінің шешімі шенеуніктердің қолында. Білім және ғылым министрлігі шет ел тәжірибесін негізге ала ма, әлде ұмыт дәстүрді жандандыра ма? Немесе 12 жылдық білім жүйесіне сенім арта ма? Бұл сұрақ бүгін ата-ананың ғана көкейінде емес, шәкірттерді де толғандырады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ