$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қазақстанда Ресей телеарналарын көрсету құны қанша тұрады?

AstanaTV
03.09.2014ж. 20:00
1384
Қазақстанда Ресей телеарналарын көрсету құны қанша тұрады?

Қазақстанда Ресей телеарналарын көрсету құны қанша тұрады? Отандық телерадиотарату компаниялары ол тегін болуы тиіс деп есептейді. Қазір олар көрші елдің телеөнімдерін делдалсыз тарату жолдарын қарастырып жатыр. 

Степан Вадюнин, телерадиотарату және байланыс операторлары гильдиясының төрағасы: 

"НТВ", "1-канал", "Россия 24", "Россия" каналдарын тарату тегін дейтін Ресей президентінің бұйрығы бар. Бірақ бізде осы каналдармен проблема туындап отыр.

Қазір отандық кабельдік телеарналар делдалдарға Қазақстан аумағында Ресей арналарын көрсету үшін жүздеген миллион теңге төлейді. Соңғы алты жылда арадағы делдал компаниялар бағаны бірнеше есе өсірген. Енді ай сайын аймақтық шағын ақпарат құралдары 700 мың теңге төлеуге міндетті. Салдарынан кабельді телевизия қызметі қымбаттап, шағын бизнес тұралап қалуы мүмкін. Алайда кәсіпкерлер қауымдастығы зерттеу жүргізіп, қызық мәліметтерді анықтаған.

Ермек Әбілдин, "Қазақстан кәсіпкерлері және қызмет көрсету қауымдастығының" президенті:

"Қазақстандық орталық тв" және «Eurasia media Distribution» серіктестігі делдал құқын иелендік деп мәлімдейді. Бірақ біз ресейліктермен арадағы келісімшартты талап етсек,  оны көрсеткілері келмейді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ