Путин Ресейді ғаламтордан шеттетпек. Бұл мәселені Ресейдің
қауіпсіздік кеңесі талқыламақ.
Ел билігі бұндай қадамға соғыс немесе
ірі наразылық шаралары болған жағдайда бармақ. «Ведомство» басылымының
мәліметінше, бұл сауалдар президент Путиннің төрағалығымен өтетін Ресейдің
қауіпсіздік кеңесі отырысында шешілетін болады. Негізгі
жоспар - ресейлік сегменттің дүниежүзілік желідегі тәуелсіздігін
қамтамасыз ету.
Дәлірек айтқанда, Ресейдің ғаламтордан
кез-келген уақытта ажырауын басқару ісін ретке келтіру болып табылады. Бүгінде елдің байланыс және коммуникациялар министрлігі
ғаламтордан уақытша ажыратылу турасында бірнеше сынақтар өткізген.
Жұрағат БАМАН