$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Еурокомиссия Ресейге қатысты жаңа санкциялар тізімін ЕО-қа мүше елдер қарауына жіберді

AstanaTV
04.09.2014ж. 13:00
1047
Еурокомиссия Ресейге қатысты жаңа санкциялар тізімін ЕО-қа мүше елдер қарауына жіберді

Бұқаралық ақпарат құралдары Еуропалық одақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялары туралы хабарлай бастады. Санкциялардың кезекті толқыны Ресей банктері мен компанияларының еуропалық қаржы аумағына кіруін шектейтін көрінеді.

Сондай-ақ, Ресейдің энергетика және қорғаныс салалары да санкцияларға ұшырамақ. Бұл туралы америкалық The Financial Times басылымы Еурокомиссияның одаққа мүше елдерге жолданған құжаттарына сілтеме жасай отырып жазады. Құжатқа сай кей тауар түрлерінің Ресейге экспорты мүлдем тоқтатылмақ. Әңгіме «арнайы материалдар, кілттердің кванттық үлестірілуі, кейбір білдектер, жоғары технологиялық компьютерлер мен электроника» жайында.

Сонымен қатар, жаңа санкциялар кейбір еуропалық компанияларға, Ресей бизнесімен энергетика, мұнай өндіру саласында қызметтесуге тыйым салады. Ресейге қатысты шектеулер бойынша соңғы шешім осы аптаның соңына дейін қабылданады деп күтілуде.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ