$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Ауыл шаруашылығы министрінің экс-орынбасары ісіне қатысты куәгерлер сотта жауап берді

AstanaTV
04.09.2014ж. 20:00
1593
Ауыл шаруашылығы министрінің экс-орынбасары ісіне қатысты куәгерлер сотта жауап берді

Ауыл шаруашылығы министрінің экс-орынбасары Мүсілім Өмірияевтың ісіне қатысты куәгерлер бүгін сот алдында жауап берді. Оның ішінде вице-министр Гүлмира Исаева да бар. Ол қамауда отырған бұрынғы әріптесі мемлекеттік сатып алу рәсіміне ешқандай ықпал еткен жоқ деп мәлімдеді. 

Я как вице-министр, который курировал, не знаю таких фактов со стороны Муслима Таировича, что он именно в процессе весеннего конкурса вмешивался или оказывал какое-либо давление. Я таких фактов не знаю.

Министрліктің кадр бөлімі бастығы Жолдымұрат Аманбаев та айыпталушыға міндеземе бере келе, оның тұтқындалуы тұтас ұжым үшін күтпеген жайт болғанын айтты.

Арест Умирьяева стал неожиданным для всего коллектива. За время его работы никаких таких отрицательных моментов никогда в работе не было. 

Сотқа ұзын саны 40 куәгер тартылмақ. Бүгін тоғыз адам тыңдалды. Оның ішінде Өмірияевқа пара ретінде табысталған қомақты қаржыны Алматыдан жеткізіп берген Олег Ермоленко және экс-шенеуніктің жеке көлік жүргізушісі де бар.

Еске салайық, Мүсілім Өмірияев былтыр желтоқсан айында қаржы полициясымен тұтқындалған. Ол аусыл індетіне қарсы вакцина сатып алу кезінде байқауға қатысқан кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша бопсалады деп айыпталуда. Тергеу мәліметінше, экс-вице-министр алғашқыда 6 млн 950 мың, кейін тағы 100 мың доллар пара талап еткен. Ал министр Асылжан Мамытбеков кезінде орынбасарына ара түсіп, кінәсі дәлелденсе, өзі де отставкаға кететін айтып салған еді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ