Қарағандылық
«Азалия» турфирмасының үстінен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс
қозғалды. Бірден 16 турист аталған агенттік кесірінен демалыстарының шырқы бұзылғанын айтып, полицияға
шағым түсірген. Қарағандылықтар Түркияға жоспарлаған екі апталық
сапарынан қалып қойған. Айтуларынша, туристік агенттік ұшақтан орын
броньдамаған.
Зардап шеккендердің
сөзінше, фирма олардан қосымша ақы талап еткен. Шамамен 300 АҚШ долларын әр
турист Астана әуежайынан ұшу үшін төлеуі тиіс болған. Бірақ туристер қосымша
ақша беруден бас тартады. Салдарынан дау-дамай шыққан.
Бір қызығы - аты дардай
компанияның кеңсесі Қарағандының тыныш аудандарының біріндегі бес қабатты үйде
орналасыпты. Маңдайшаға фирманың атауы да ілінбеген. Десе де, туристер аталмыш
компанияға сенім артып, жолдамаларды сатып алып келген.
Жанатай
Сембеков, Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы:
Аталған факті
бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ